9 наурыз күні өткен Халықаралық “Bala Fest” өнер байқауында балабақшамыздың ортаңғы “Болашақ” және “Әдемі-ай” тобының тәрбиеленушілері вокалдық өнерін көрсетіп, “Көктемде” әнін орындады. Кішкентай өнерпаздардың тамаша өнері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ұжым I орынға қол жеткізді!
Бұл – балалардың шығармашылық қабілеті мен вокал мұғалімі Телхожаева Жанар Мерекеевнаның еңбегінің жемісі. Бүлдіршіндеріміз сахнада өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оларға жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз! 🎶🏆✨