Жылқыбаевтар отбасы – «Үлгілі отбасы» номинациясының иегері
2024 жылғы 5 желтоқсанда Президент орталығында өткен Шежіре шеруі сайысында №53 «Мерей» балабақшасынан қатысқан Жылқыбаевтар отбасы «Үлгілі отбасы» номинациясын жеңіп алды.
Олар отбасылық құндылықтар мен шежірені шабытпен таныстырып, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Отбасыға құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұл жеңіс – Жылқыбаевтар отбасының бірлігін және ұлттық дәстүрлерді ұлықтауын көрсетеді.