Нұра ауданының балабақшаларында қазақ тілін оқыту мен үйрету сапасын арттыру мақсатында маңызды кездесу өтті. Ауданның қазақ тілі педагогтері бас қосып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Бұл кездесуде 53 «Мерей» балабақшасының қазақ тілі педагогтері ерекше белсенділік танытып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқыту әдістемелерінің тиімділігі, балалардың тілді игеру деңгейін арттыру жолдары және жаңа педагогикалық тәсілдер туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, шараға қазақ тілі мамандарының қауымдастық жетекшілері де қатысып, қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері бойынша құнды кеңестер берді. Бұл шара қатысушыларға жаңа білім мен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беріп, балабақшалардағы қазақ тілі білімін одан әрі жетілдіруге септігін тигізді.
Осындай басқосулар Нұра ауданының білім беру саласында сапалы және заманауи педагогикалық тәжірибелерді енгізуге ықпал етуде.
