Әжелер мектебі: Мұражайға саяхат – тарихи сананың қалыптасуы
«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының балалары мен олардың әжелері ҚР Ұлттық музейіне саяхат жасады. Саяхат барысында өскелең ұрпаққа қазақ халқының бай мәдени мұрасы, тарихы мен ұлттық құндылықтары таныстырылды.
Әжелер немерелеріне мұражай залдарындағы жәдігерлердің маңызын түсіндіріп, тарихи оқиғаларды баяндады. Мұндай шаралар балалардың тәрбиесіне, тарихи сана мен патриоттық сезімнің қалыптасуына зор үлес қосады.
Әжелер мектебі – бұл ата-баба мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы. Мұражайға саяхат балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына әсер етті.
Балалардың көкейінде қалған жарқын әсерлер мен қызықты сұрақтар – болашаққа деген ұмтылыстың дәлелі.
Ұлттық мәдениетімізді бірге танып-білейік!