№53 "Мерей" балабақшасы

«Жұлдыз» тобының үлкен жетістігі! 🌟

Ересек “Жұлдыз” тобының вокал үйірмесіне қатысушы дарынды балалар “Gulnar Fest” байқауына қатысып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Олар байқау барысында “Менің әжем дара” әнін орындап, өздерінің өнерімен әділқазылар алқасын тәнті етті.

Балалардың шығармашылығы мен еңбегінің нәтижесінде топ 🥇Бірінші орынға лайық деп танылды!

Бұл жеңіс – тек қатысушылардың ғана емес, оларға қолдау көрсеткен жетекшілер мен ата-аналардың да еңбегі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 👏

Өнерлі өрендерге шығармашылық шабыт пен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх