№53 "Мерей" балабақшасы

Балабақша тәрбиеленушілері “Bala Fest” байқауында Бас жүлде иегері атанды!

9 наурыз күні өткен Халықаралық “Bala Fest” өнер байқауында “Жұлдыз” және “Айгөлек” тобының кішкентай өнерпаздары вокалдық шеберліктерін көрсетіп, «Бипл» әнін орындады. Балабақша тәрбиеленушілерінің өнері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, нәтижесінде ұжым Бас жүлдеге ие болды!

Бұл жетістік – бүлдіршіндердің таланты мен вокал мұғалімі Телхожаева Жанар Мерекеевнаның еңбегінің нәтижесі. Балалар ерекше ынтамен дайындалып, өздерінің дарындылығын сахнада жарқырата көрсете білді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, жаңа жеңістер мен жарқын болашақ тілейміз! 🎤🏆✨

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх