№53 "Мерей" балабақшасы

«Арай» тобының қатысуымен “Су астындағы сиқырлы Жаңа жыл” мерекелік іс-шарасы

№53 “Мерей” балабақшасының «Арай» тобының қатысуымен ерекше тақырыпта ұйымдастырылған “Су астындағы сиқырлы Жаңа жыл” мерекелік іс-шарасы өтті.
Бұл шараның басты ерекшелігі – балаларды теңіз әлемінің сиқырлы атмосферасына еліктіру болды. Шара барысында балалар су астындағы ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, ән айтып, би билеп, жаңа жылдық ертегі қойылымын сахналап шықты.
Мерекені балабақша тәрбиешілері мен музыка жетекшісі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Олар балалардың шығармашылығын дамытуға, сахна мәдениетін меңгеруге және мерекелік көңіл-күй сыйлауға барынша атсалысты.
Жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті жарықтар және музыкалық сүйемелдеу мерекеге ерекше жылулық пен шаттық сыйлады.
“Су астындағы сиқырлы Жаңа жыл” іс-шарасы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етіп, балабақша ұжымының еңбегін тағы бір мәрте көрсетті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх