№53 "Мерей" балабақшасы

Біртұтас тәрбие: ұрпақтар сабақтастығы

2024 жылдың 26 желтоқсанында Астана қаласындағы №53 «Мерей» балабақшасының мектепалды логопедтік «Арман» тобында «Біртұтас тәрбие» жобасы аясында жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Бұл мерекеге балалардың ата-аналары қатысып, ерекше естеліктер қалдырды.

Әсіресе, алыс Германияның Франкфурт қаласынан арнайы ұшып келген Блялов Амирдің атасы Алиев Юсуф Нусратдиновичке алғысымызды білдіреміз. Ол ертеңгілікке Аяз Ата кейпінде қатысып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Оның белсенділігі мен шынайы ықыласы мерекенің ажырамас бөлігіне айналып, балаларға қуаныш пен ғажайыпқа толы мерекелік атмосфера тарту етті.

Юсуф Нусратдинович ата-әженің отбасындағы маңызды рөлін көрсетті. Шынында да, атасы мен немересінің байланысы – қуаныш пен шабыттың қайнар көзі. Бұл қарым-қатынас ұрпақтар арасындағы алтын көпір іспетті: атасы немересі үшін даналықтың, мейірімнің және тәрбиенің үлгісі болса, немересі әлемге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Юсуф Нусратдинович немересі Амирмен бірге балабақшаның әлеуметтік өміріне өз үлесін қосты. Ол «Арман» тобының бүлдіршіндерін қуантып, сүйікті немересіне өмір бойына сақталатын баға жетпес естеліктер сыйлады.

Ізгі ниетпен,
педагогтар: Аубакирова Күлнар Шаметқызы, Бейсова Баян Ерболатқызы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх