№53 "Мерей" балабақшасы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкелер мектебі» жоспарымен «Ұлттық ойындар» іс-шарасы өтті

Бүгін біздің балабақшада Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкелер мектебі» жоспарына сәйкес ересек топтар арасында ерекше іс-шара – «Ұлттық ойындар» ұйымдастырылды. Бұл іс-шара балалардың ұлттық рухани құндылықтарға баулу, ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өтті.

Іс-шараға қатысқан әкелер ұлттық ойындардың түрлі түрлерін орындап, өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, балаларға ұлттық мәдениет пен дәстүрдің маңыздылығын түсіндірді. Әр ойын достық атмосферада, үлкен қуанышпен және көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Балабақша ұжымы мен ата-аналар ұлттық ойындарды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Әкелердің белсенді қатысуы балаларға үлгі болып, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және шағын сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара ата-аналар мен балалардың арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, ұлттық дәстүрлерімізді сақтау мен дамытуға үлес қосты.

Балабақша әкімшілігі іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық әкелерге, қызметкерлерге және қонақтарға алғысын білдіреді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх