ҚР Оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты мектепке дейінгі балалардың мемлекеттік тілді терең меңгеруіне арналған «Тілге бойлау» жобасы әзірленіп, қазіргі таңда бұл жоба еліміздің 135 мектепке дейінгі ұйымында жүзеге асырылуда.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлының басқаруымен Елорданың 20 балабақшасында «Тілге бойлау» бірегей жобасы ендірілініп, қызу жұмыстары жалғасын табуда.
«Халықаралық инновациялық тәжірибеге негізделген бұл тәсіл баланың шығармашылық дамуын ынталандырып, оның дамуына қолдау көрсетеді. Мұндай тәсілдің ерекшеліктерінің бірі-балалардың шығармашылығын шектемей, керісінше дамытуға бағытталған. Ол балалдардың сөздік логикасын, сөйлеу дағдысын дамытады.»
Балалардың бағдарлама мазмұнына меңгеруінің тиімділігі мен танысу мақсатында Астана қаласы әкімділігінің №53 «Мерей» балабақша ҚР Оқу Ағарту Министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев қатысуымен іс-тәжірибе бөлісу алаңы ұйымдастырылды.
Қонақтарды балалар музыка аспаптары оркестрінің сүймелдеуімен «Әке толғауы” күйін нақышына келтіре орындай отырып қарсы алды. Ары қарай «Кел, ойнайық балақай!» үстел үсті дамытушы ойындар керуенімен жалғасты. «Тілге бойлау» жобасын іске асырудағы мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың ықпалдастығын дамыту мақсатында “Төрт түлікті танып, біл!» атты Әжелер мектебі мен “Қазақша сөйлеп үйренейік!» өзге ұлт өкілі ата- аналарынан құралған отбасылық құрам өз жұмысын көрсетті.
Аталған жоба жүйесінің жұмысын отбасы институтынын рөлін
кушейтуге бағытталған озық жұмыстар ерекше көңілге серпін сыйлады.
Бұл жоба өз ерекшелігімен маңызды рөл атқарады. Балабакшада педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымактастыкты ныгайту максатында тарбиеленушілердін ата-аналарымен бірлескен жұмысына оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев куә болып, осындай жобалар аркылы балабақша мен отбасы арасында өзара сенім мен қолдау қалыптасатындығына, баланың жан-жақты дамуына оң ықпал ететіндігін көріп, елорда балабақшаларындағы жұмыс жүйесіне разылығын білдірді.
Білім саласындағы болашақ ұрпақ тәрбиесіне ұлт құндылығын бала бойына сіңіретін ұлттық жобаларымыз көбейе берсін.