📚 Қалалық семинар жоғары деңгейде өтті
№53 «Мерей» балабақшасында «Үш бағыт – бір мақсат: ELTANU, ELTUTQA, ELTULGA» тақырыбында ұйымдастырылған қалалық семинар өз мәресіне жетті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды білім беру мазмұнына тиімді кіріктіру болды.
Семинарға Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының мамандары, №71, №79 мектеп-лицей мұғалімдері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары, сервис және туризм колледжінің өкілдері, ҚР Президенттік орталығы кітапханасы, сондай-ақ №61 «Шолпан», №62 «Нұрсәулем», №81 «Әсемгүл», №82 «Айару» балабақшаларының педагогтері арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бағдарлама аясында:
✨ заманауи педагогикалық тәсілдер ұсынылды
✨ ұлттық ойындар мен тәрбиеге бағытталған іс-әрекеттер көрсетілді
✨ цифрлық технологияларды қолдану жолдары таныстырылды
✨ шығармашылық жұмыстар мен көрмелер ұйымдастырылды
Бұл семинар – ұлттық тәрбие мен заманауи білім беруді ұштастырудағы маңызды тәжірибе алаңы болып, қатысушыларға жаңа идеялар мен шабыт сыйлады.
🌿 Осындай мазмұнды кездесулер білім беру сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби дамуына үлкен үлес қосады.
#МерейБалабақшасы #ҚалалықСеминар #ПедагогТәжірибесі #ҰлттықТәрбие #Инновация